«Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ туралы мәлімет
Сәтбаев қаласындағы жаңадан іске қосылған екі мектептің бірі- «Сәтбаев қаласының № 16 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.
Мектептің өзекті мәселесі;
Мектептің қарқынды даму жағдайындағы жеке тұлғалардың қабілетін ашу арқылы олардың тұлғалық құзырлылықтарын дамыту.
Мектептің мақсаты;
Жеке тұлғаның қабілетінің ашылуына,өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасайтын білім ортасын құру. Мемлекеттңк стандартты орындай отырып, инновациялық білім бағдарламасын құру және білім сапасын арттыру.
Мектептің міндеттері;
- Білім стандарты көлемінде жоғары сапалы білім талап ету.
- Тұлғаның танымдық қабілетін, мүмкіншілігін өзара қарым-қатынасын дамыту.
- Жеке тұлғаның өзін іске асыруына жағдай жасау.
- Мектептің дамуына үлес қосатын мұғалімдердің дайындық деңгейін көтеру, шеберлігін жетілдіру.
- Білім берудің жаңа мазмұндағы оқыту әдістерін пайдалану.
- Мұғалім жұмысының мониторинг жүйесін жасау.
- Озат тәжірибе тарату.
- Оқыту барысындағы жағымды, жағымсыз жақтарды анықтау.
- Тұлғаның өзін- өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.
- Мемлекеттік кадр саясатын ұстану.
- Пән мұғалімдерін жаппай құқықтық біліммен қамтамасыз ету.
- Пән мұғалімдерінің өздік білім арттыруына көңіл бөлу.
- Ата-аналар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық педагогикасын орнату.
- Оқу үрдісін ақпараттандыру, технологияландыру, электронды оқулықтар жасауға көшу, интертақтаны тиімді пайдалану.
- Жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, ҚР мемлекеттік рәміздерін қадірлеуге үйрету.
- Білім алушылардың болашақ азаматтық позициясын қалыптастыру, отбасы мәдениетіне үйрету.
- Біілім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- «Шамшырақ» мәдени сауық орталығы, оқушы компоненті бойынша қосымша білім беру мүмкіндіктерін білім алушылардың шығармашылық құзырлылықтарын дамытуға бағыттау, білім алушыларды шығармалар, эсселер сайысына қатыстыруға гуманитарлық бейіндік бағыттағы сыныптардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
- Санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтау.
Мектеп жұмысының басты бағыттары
- Білім беруді ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар базасымен жұмыс.
- Білім алушыларды жаппай оқумен қамту.
- Мектепішілік басқару мен бақылау
- Педагогикалық кеңес
- «ҚР Тіл туралы» Заңының орындалысы
- Мектеп директоры жанындағы кеңес
- Кәсіподақ ұйымының жұмысы
- Ата-аналармен жұмыс
- Оқу қызметі (оқу жоспары, оқу кестесі, мектептің ішкі тәртібі, материалдық-техникалық база)
- ҰБТ мен ОЖСБ ұйымдастыру
- Әдістемелік кабинет жұмысы
- Әдістемелік кеңес
- Пән әдістемелік орталықтар
- Сынақ жұмыстары(Б иС технологиясы)
- УШТ жұмыс
- Бейіналды дайындық және бейіндік оқыту, кәсіби бағдар беру
- Педкадрмен жұмыс
- Мұғалімдерге құқықтық білім беру орталығы
- Дарынды балалармен жұмыс
- Мониторинг қызметі
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Тәрбие беру қызметі
- Қиын балалармен жұмыс
- Сынып жетекші кеңесі («Қайнар» зертханасы)
- Білім алушылардың қызығушылығы бойынша құрылымдар
- «Жасұлан» жастар ұйымы
- «Шамшырақ» мәдени-сауық, демалыс орталығы
- Әкімшілік-шаруашылық қызмет
- Медициналық қызмет
- Ақпараттық-кітапханалық қызмет
- Мектептен тыс мекемелермен байланыс
Өз қызметін 2006 жылдан бастады. 2005-2006 оқу жылынан бастап, жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз, тәжірибелі жетекші Смайлов К.К. басшылық етеді. Осы аз ғана мерзім ішінде мектеп ұжымы өзіне тән ерекше шығармашылық жолымен дараланды.

Мекен жайы: 101302. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Академик Сәтбаев даңғылы 154.
Эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100009306169601
Instagram: https://instagram.com/16mektep_satpaev?igshid=7vxc011vfv1k
Байланыс телефоны: 8(71063)40011

